20:04, 29 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Ежелгі майялардың сумен шаятын дәретханалары болған
АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат - Археологтар майялықтардың су қысымымен жұмыс істейтін су құбырларын салуға қабілетті болғандарын ашты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Паленк қаласында жүргізілген қазба кезінде зерттеушілерге ерекше құбырды табудың сәті түсті. Көлденең орналасқан көптеген арналардан айырмашылығы - құбыр қиғаштап салынған. Бұл конструкция түбіне қарай тарыла түседі.
Ғалымдар мұндай конструкцияның 6 метрлік бұрқақ үшін жеткілікті қысым туғызатынын анықтады. Сонымен қатар, археологтардың айтуынша, қысым сарайларда сумен шаятын дәретханалар жасау үшін пайдаланылуы мүмкін.
Қазіргі уақытқа дейін Оңтүстік Америкаға су құбырларын XVI ғасырда испандықтар әкелген деп саналып келді. Табылған құбыр, өз кезегінде, біздің дәуірімізге дейін 750-інші жыл шамасында салынған.