Фатих университеті тарапынан Фатих әлем кубогы ұйымдастырылды

АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Доган Йылдыз/ - Таяуда Фатих университеті тарапынан Фатих әлем кубогы ұйымдастырылды.

Фатих университеті тарапынан Фатих әлем кубогы ұйымдастырылды

Әлемдік аламан дода алаңына шыққан Ариф Ердем, Бюлент Коркмаз, Ертурул Салам, Енгин Ипекұлы, Гөкхан Кескин, Хакан Шукур, Хакан Юнсал, Хами Мандыралы, Хасан Шаш, Исмайл Демириз, Оуз Четин, Рыдван Дилмен, Семих Уйвакуран, Танжу Чолак және Уюр Тютюнекрлерге түрік футболына қосқан үлесі үшін Онур сыйлығы берілді. Түркияның айрықша футбол миссиясына қызығушылық танытқан Қазақстан Елшісі Бағдат Әміреевке Еге университетінің ректоры тарапынан Түркия және Қазақстан байланыстарына қосқан үлесі үшін медаль тапсырылды. Марапатталған елші сөйлеген сөзінде, өткен жылғы қазан айында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Түркияға жасаған сапарында қол қойылған мәдени-экономикалық ықпалдастық аясында спортты да дамытуымыз керек деді. Іс-шара соңында футболшылар мен елші, бұл маңызды турнирдегі кездесудің алғашқы соққысын жасау үшін алаңға шықты.

Достық пен бейбітшілік аясында ойналатын жаңа турнирдің чемпионат кубогы қай мемлекеттің құрама командасының қоржынына бұйыратыны спорт сүйер қауымды алаңдатуда. Жоғарғы чемпионатта Македония, Нигерия, Албания, Сингапур, Қазақстан, Грузия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркіменстан, Ирак, Түркия, Тәжікстан, Мали және Молдава елдері бар.