Федералдық тергеу бюросы хакерлерге халықаралық соғыс жариялады
АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат -Федералдық тергеу бюросы мен АҚШ-тың Құпия қызметі кибернетикалық қылмыспен күресу саласында шетелдік әріптестерімен өзара іс-қимылдың аясын кеңейтуде.
Бұл туралы Utro.ru сайты хабарлады.
Кибернетикалық қылмыстармен күресетін қызметтің өкілдіктері қазіргі таңда Италияда, Нидерландыда, Румыния мен Эстонияда, сондай-ақ аты аталмай отырған тағы бір елде ашылып отыр.