00:40, 12 Қаңтар 2015 | GMT +5
Федерер теннис тарихында 1000 рет жеңіске жеткен үшінші спортшы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцариялық Роджер Федерер Австралиядағы Брисбенде өтіп жатқан турнирдің финалында канадалық Милош Раоничті жеңіп, теннис тарихында кәсіби теннисшілер қауымдастығының әлемдік турында 1000 рет жеңіске жеткен үшінші спортшы атанды.
Бұл туралы ұйымның ресми сайты хабарлады.
Финалдық матч Р. Федерердің жеңісімен (6:4, 6:7, 6:4) аяқталды. Теннисшілердің кездесуі 2 сағат 13 минутқа созылды.
Еске сала кетсек, бұдан бұрын әлемдік турдағы 1000 жеңіс американдық Джимми Коннорс (1337 матчта басым түскен) пен Иван Лендлдің (1071) еншісінде болатын. Бүгінгі таңда олар өздерінің кәсіби спорттық жолын аяқтаған.