Фейк: Ауруханаларда вакцинацияланған балаларға арналған төсек-орындар дайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - What‘sApp мессенджерінде балаларға арналған жұқпалы аурулар бөлімшелерінде төсек-орындар дайын екендігі туралы аудио хабарлама таратылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Фейк: Ауруханаларда вакцинацияланған балаларға арналған төсек-орындар дайындалды

Автордың айтуынша, олар мектептерде вакцина шашқаннан кейін қажет болады, балалар жаппай ауырып, өле бастайды. Бұл фейк.

Бұл ақпаратты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жоққа шығарды.

– Балаларға арналған қосымша инфекциялық төсек-орындар дайындау туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бүгінгі таңда, керісінше, КВИ-мен жұқтыру жағдайларының төмендеуіне байланысты жұқпалы аурулар стационарлары жабылуда. Сондай-ақ, бөлмеде бүрку арқылы қолданылатын вакцина жоқ, – деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Бұл ата-аналар арасында дүрбелең туғызған дыбыстық хабарламалар бұған дейін де тараған болатын.

йБіз Тараз және Шымкент қалаларында балаларды белгісіз бағытта эвакуациялап, ауызына тамызу арқылы егетіні туралы фейкті жоққа шығардық»,-делінген хабарламада.