Фидель Кастро Куба теледидарына кеңейтілген сұхбат берді

АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - Куба революциясының көсемі Фидель Кастро біраз уақытқа созылған үнсіздіктен кейін бірінші рет мемлекеттік теледидарға кеңейтілген форматта сұхбат берді. Хабар Кубаның «Mesa Redonda» аталатын бағдарламасында шілденің 12-сінде өтті, деп хабарлайды Лента.Ру.
None
None

Телесұхбатта Кастро бірқатар халықаралық өзекті ахуалдарға қатысты, атап айтқанда «Чхонан» оңтүстіккореялық корветінің суға батып кетуіне байланысты КХДР мен Оңтүстік Корея арасындағы жағдайдың шиелене түсуі және Таяу Шығыстағы жағдайларға қатысты өзінің жеке пікірін білдірді.

Бұл Кастроның бір жылға дейін созылған ұзақ үнсіздіктен кейінгі бұқараға берген алғашқы телесұхбаты. CNNнен бастап батыстың көптеген арналары таласа көрсеткен сұхбаттан 2006 жылы күрделі операция жасатқан 83 жастағы Кастроның қазіргі уақытта денсаулығының жақсы екендігін байқауға болады. Оның сөйлеу екпіні баяулау болғанымен ойы анық, тілі жатық және ол телекамера алдында өзін жақсы ұстай білген.

Фидель Кастро өзіне жасалған операциядан кейін 2010 жылғы шілдеде бірінші рет бұқаралық шараларға қатысып, Гаванадағы ғылыми-зерттеу орталығында болды. Сапар барысында орталық қызметкерлерінің суретке түсіруі, Куба революциясы көсемінің төрт жыл ішінде түсірілген алғашқы бейресми суреттері болды.

Соңғы жаңалықтар