ФИФА президенті Блаттердің қызы әкесінің қызметтен 2016 жылы ақпанда кететінін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) Президенті Йозеф Блаттер қызметінен 2016 жылдың ақпан айында кетеді, деп хабарлады ТАСС агенттігі.

ФИФА президенті Блаттердің қызы әкесінің қызметтен 2016 жылы ақпанда кететінін айтты

«Бұл туралы оның қызы Коринна Блаттер-Анденматтен хабардады», делінген Reuters агенттігі келтірген ақпаратта.

«Менің білетінім, әкем ФИФА басшылығынан кеткісі келеді. Оның қызметінен кететіні анық», -деді Блаттер-Анденматтен.