ФИФА президенті Иран билігін әйелдерге футбол жарыстарына баруға рұқсат етуге шақырды

АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - Иран әйелдері футболдан өтіп жатқан жарыстарға бару құқығын алуы тиіс. ФИФА президенті Йозеф Блаттер осындай ұсыныс жасады.

ФИФА президенті Иран билігін әйелдерге футбол жарыстарына баруға рұқсат етуге шақырды

"Вести" хабарлағандай, Тегеранға ресми сапары кезінде ол бұл мәселені премьер-министр және парламент спикерімен талқылаған.

Ислам Республикасының заңы бойынша ерлер командалары ойнаған кезде әйел адамдарға стадионға баруға тыйым салынған.