ФИФА президенті Зепп Блаттер Петерборға келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ФИФА президенті Зепп Блаттер алдағы сенбі күні өтетін 20018 жылғы футболдан әлем чемпионатының алдын ала жеребе тастау рәсіміне қатысу үшін Петерборға ұшып келді.

ФИФА президенті Зепп Блаттер Петерборға келді

Бұл қайта сайланған Блаттердің ФИФА-да жемқорлыққа байланысты туындаған ірі жанжалдан соң өзінің отставкаға кететіндігін мәлімдегеннен кейінгі алғашқы сапары. Мамырда АҚШ-тың сұранысымен Швейцарияда футбол шенеуніктерінің тұтқындалуы себепті ФИФА президенті бұрындары тұрақты түрде қатысып жүрген Жаңа Зеландиядағы жасөспірімдер чемпионатына, Канадада және Чилиде болған әйелдердің әлем чемпионатына барған жоқ болатын.