12:33, 27 Мамыр 2010 | GMT +5
ФИФА рейтингі: Қазақстан құрамасы 129-шы орында
АСТАНА. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың кезекті рейтингін жариялады. Ол бойынша Қазақстан құрамасы бұдан бір ай бұрынғы көрсеткішін сақтап, 129-шы орында тұр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Футбол федерациясының мәлметінше, «Еуро-2012» чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасымен бірге «А» тобында сынға түсетін Германия рейтинг бойынша 6-шы, Түркия 29-шы, Бельгия 59-шы, Австрия 68-ші, Әзірбайжан 109-шы орындарда тұр.
Рейтинг бойынша үздік ондықтан мына командалар орын алған: 1. Бразилия, 2. Испания, 3. Португалия, 4. Голландия, 5. Италия, 6. Германия, 7. Аргентина 8. Англия, 9. Франция, 10. Хорватия. Келесі рейтинг ағымдағы жылғы маусымның 11-і мен шілденің 11-і аралығында Оңтүстік Африка Республикасында өтетін 2010 жылғы әлем чемпионатынан кейін, яғни шілденің 14-де жарияланады.