ФИФА рейтингі: Қазақстан құрамасы 15 сатыға жоғарылап, 121-ші орында тұр

АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың кезекті рейтингін жариялады.

ФИФА рейтингі: Қазақстан құрамасы 15 сатыға  жоғарылап, 121-ші орында тұр

 Ол бойынша Қазақстан құрамасы тамыз айындағы көрсеткішінен 15 сатыға  жоғарылап, 121-ші орында тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Рейтинг бойынша үздік ондықта мына командалар бар: 1. Бразилия, 2. Испания, 3. Голландия, 4. Италия, 5. Германия, 6. Аргентина, 7. Англия, 8. Хорватия, 9. Франция, 10. Португалия.

Айта кетейік, бұл рейтинг жарияланардың алдында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өтетін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі жарысын аяқтаған болатын.  «Ғ» тобында  Англия, Украина, Хорватия,  Беларус және Андорра құрамаларымен сынға түскен жерлестеріміз,

өз тобында бесінші орын алды. Сөйтіп әлем біріншілігінің тағы бір іріктеу турнирін сәтсіз өткізді.  Жерлестеріміз іріктеу турнирі аясында  он ойын өткізіп, соның  бар-жоғы екеуінде ғана жеңіске жетті, қалғандарында қарсыластарына қауқар көрсете алмады. Бұл топтан топ жарған Англия бірден Әлем біріншілігіне жолдама алды. Екінші орынды иеленген Украина әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне қатысу мүмкіндігін сақтап қалды.  6-шы топта бұдан кейінгі орындарды Хорватия, Беларус, Қазақстан және Андорра құрамалары иеленді.