12:24, 20 Желтоқсан 2009 | GMT +5
ФИФА рейтингі: Қазақстанның әйелдер құрамасы 62-ші орында
АСТАНА. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) әйелдер құрамаларының кезекті рейтингін жариялады. Жаңа рейтинг бойынша футболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы үш сатыға төмендеп, 62-ші орында тұр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Рейтинг бойынша әйелдер құрамаларының үздік ондығы мынадай: 1. АҚШ, 2. Германия, 3. Бразилия, 4. Швеция, 5. КХДР, 6. Жапония, 7. Норвегия, 8. Англия, 9. Франция, 10. Дания. ФИФА-ның келесі рейтингі 2010 жылғы наурыздың 12-де жаңартылады