Фил суыры американдықтарға қыстың ұзаққа созылатынын болжамдады
АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат - Пенсильвания штатының Панксатони қаласындағы лақап аты Фил деп аталатын суыр АҚШ-тың аумағында қыстың алты аптаға созылатынын болжамдады. Ақпанның 2-сінде өткізілген дәстүрлі салтанат барысында ғаламшардағы ең атақты суыр інінен шығарылған кезінде ол өзінің көлеңкесіне қараған,
деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN сайтына сілтеме жасап.
Суыр мұндай болжамды өмірінде 99 рет жасаған. Егер Фил өзінің көлеңкесіне қарамаса, жергілікті сенім-нанымға сай, көктемді ерте түседі деп күтуге болады.