Филиппин аруы Miss Grand International 2025 байқауында жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Бангкок қаласында 29 қыркүйек пен 18 қазан аралығында халықаралық сұлулық байқауы өтті. Онда «Miss Grand International 2025» байқауының жеңімпазы белгілі болды. 

Miss Grand International – 2025
Фото: instagram.com/missgrandinternational/

Тәж филиппиндік сұлу Эмма Мэри Тиглаоға табысталды. 

Байқаудың үздік ондығына Колумбия, Чехия, Мексика, Венесуэла, Гватемала, Таиланд, Филиппин, Танзания, Гана және Испания өкілдері енді. 

Miss Grand International – 2025
Фото: instagram.com/missgrandinternational/

Бұл жарысқа еліміздің атынан қызылордалық 23 жастағы Томирис Қадырхан қатысты. 

Томирис Қадырхан
Фото: видеодан алынған скрин

— Томирис Қадырхан Miss Grand International байқауында Қазақстан атынан қатысып, «Grand Talent» номинациясында үздік 15 қатысушының қатарына кірді. Отандасымыздың халықаралық байқауда көрсеткен өнері қазылар алқасының көңілінен шықты, - деп хабарлады Қазақстан аруы байқауының ұйымдастырушылары.

Miss Grand International — жыл сайын 70-тен астам елдің өкілін жинайтын ең беделді сұлулық байқауларының бірі. Оған қатысушылар тек сыртқы келбетін ғана емес, сонымен қатар көшбасшылық қасиеттерін, интеллектісін, харизмасын және әлеуметтік белсенділігін көрсетеді.

Miss Grand International – 2025
Фото: instagram.com/missgrandinternational/

Қазақстан аруы жеңімпаздары үш халықаралық байқауға қатысады: Miss Grand International, Miss World және Miss Universe. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Тайланд студенті «Әлем аруы-2025» байқауында жеңіске жеткенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар