Филиппинде бір апта ішінде 8 мыңнан астам жер сілкінісі тіркелді
Филиппиндегі вулканология және сейсмология институтының мәліметі бойынша, Паломпон ауданы мен Себу провинциясының жағалауында әр түрлі күштегі афтершоктар жалғасып жатыр. Оның күші 1-ден 5,1-ге дейін өзгерген.
Деректерге сәйкес, жер асты дүмпулері жиілігі бірте-бірте азайып келе жатқанымен, тағы бірнеше апта немесе айлар бойы жалғасуы мүмкін. Тұрғындарға үйлеріне қайтпас бұрын билік өкілдерімен кеңесу ұсынылды.
Естеріңізге сала кетейік, 30 қыркүйекте Филиппинде жойқын жер сілкінісі болды. Кейінгі жарияланған деректер бойынша, 72 адам қаза тауып, тағы 47 221 адам жарақат алған.
«Тынық мұхиттық өрт сақинасы» деп аталатын аймақта орналасқан Филиппин жер сілкінісі мен жанартау атқылауы жиі болатын әлемдегі ең сейсмикалық белсенді елдердің бірі саналады.