Филиппинде «Хагупит» тайфунынан қаза тапқандардың саны 27-ге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппиннің орталық аудандарында "Хагупит" тайфуны салдарынан қаза тапқандардың саны шамамен 27-ге жетті, деп хабарлады Қызыл кресттің халықаралық комитетінен.

Филиппинде «Хагупит» тайфунынан қаза тапқандардың саны  27-ге жетті

Қазіргі уақытта тайфун бәсеңдеді. Сейсенбіге қараған түні ол ел астанасы Манила маңынан өтті, алайда синоптиктер болжағандай нөсер жауын болмады.

Жапа шеккендердің көбі Самар аралынан болды.