Филиппинде күші 6,9 балдық жер сілкінісі болды

АСТАНА. Сәуірдің 26-сы. ҚазАқпарат - Филипинде қуатты зілзала тіркелді. АҚШ Геологиялық қызметінің дерегіне қарағанда, жерасты дүмпулерінің күші Рихтер бағамы бойынша 6,9 балды құраған.

Филиппинде  күші  6,9 балдық жер сілкінісі болды

Негізгі соққы Батан аралдарының солтүстік бөлігіне келіп отыр, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы әзірге мәлімет жоқ.