11:36, 27 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Финляндия шекарасынан велосипедпен өтуге тыйым салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндияның шекара қызметі елдің солтүстігінде Ресеймен арадағы шекараны велосипедпен кесіп өтуге тыйым салды. Бұл туралы фин елінің БАҚ-тарына сілтеме жасай отырып ТАСС агенттігі хабарлады.

Ресейлік-Финляндия шекарасынан енді тек көлікпен ғана өтуге рұқсат. Шекара қызметінің түсініктімесінде велосипедпен шекарадан өтуге тыйым салудың себебі айтылған. Онда қыс мезгілінде босқындардың жол жүруіне қауіпті екені көрсетілген. Тыйым тек Салла және Райя-Йоосеппи солтүстік шекара пункттерінде ғана қолданылады.