Финляндияда соңғы 30 жылдағы банкроттықтың ең жоғары деңгейі тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — Финляндияның Статистика басқармасының деректеріне сәйкес, 2025 жылы елде 3 906 компания банкроттық туралы өтініш берген, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

банкроттық
Фото: Азертадж

Агенттік хабарлауынша, желтоқсан айында банкроттыққа қатысты 360 өтініш тіркелген. Бұл өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 34 пайызға көп.

— Өткен жылы банкроттық деңгейі 1996 жылдан бергі ең жоғары көрсеткішке жетті. Алдыңғы жылмен салыстырғанда банкроттық туралы өтініштер саны 12 пайызға артты, — делінген Финляндияның Статистика басқармасы таратқан баспасөз хабарламасында.

Ведомство деректері бойынша, 2010-жылдары елде жыл сайынғы банкроттықтардың орташа саны шамамен 2 700-ді құраған. Ал соңғы үш–бес жылда жыл сайын орта есеппен 3 600-ге жуық компания банкрот деп танылған.

Бұдан бұрын 2026 жылғы 8 қаңтардан бастап Финляндияда тұрақты тұруға рұқсат алу үшін талаптар күшейтілгені анықталды.

Соңғы жаңалықтар