Финляндияға шет елдерден жеміс жинайтындар ағылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елдің СІМ хабарлауынша, биыл жазда Финляндияға жеміс жинау үшін 14 мың шетелдік келеді, деп хабарлайды yle.fi.
None
None

Финляндияға жыл сайын шет елдерден жеміс жинаушылар келеді.

Финляндия СІМ хабарлауынша, Таиланд еңбек министрлігі осы жұмыс үшін 3 500 виза берген.

Жемісі-жидек терімшілер кезеңі шілде айының ортасында қара жидек піскенде басталады.

Жеміс теретіндермен келісімшарт жасалады, онда барлық салық, зейнетақы төлемдерінен қалған сома күніне 30 еуродан (ҰБ бағамымен 11 268 теңге) төмен болмауы тиіс.

Министрліктің мәліметтерінде, биыл елге жеміс терім маусымына  шамамен 14 000 шетелдік келеді. Жұмысшылардың басым бөлігі Украина мен Таиландтан.

 

Соңғы жаңалықтар