Финляндияның ұлттық мұрағатынан қазақстандық әскери тұтқындардың 289 есеп карточкалары табылды

ПАВЛОЛАР. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Павлодардың мамандары мұрағаттық-іздеу экспедициясы аясында Финляндия Республикасының ұлттық мұрағатында болды,

Финляндияның ұлттық мұрағатынан қазақстандық әскери тұтқындардың 289 есеп карточкалары табылды

деп хабарлады Павлодар облысының мұрағаттар және құжаттар басқармасы.

 Мұрағаттанушылар Финляндияның ұлттық мұрағатында сақталған 100 мың кеңестік әскерлердің есеп карточкаларының ішінен 1939-1940 жылдардағы 11 мың құжатты, 1941-1944 жылдардарғы 52 мыңнан астам құжаттар мен суреттерді қарап шықты.

 Қазақстандық әскери тұтқындардың 289 есеп карточкалары табылды.

 Шет елдің мұрағатында табылған материалдардың көшірмесі зерттеушілердің жұмысында қолданылатын болады, сондай-ақ «Біз сені ұмытпаймыз, жауынгер» атты суретқұжаттама көрмесінің экспозициясы мен Естелік кітабына енеді.