Fitch сарапшылары Қазақстанға егеменді кредиттік рейтингін береді

АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасына егеменді кредиттік рейтингін беру мақсатында Fitch халықаралық рейтингтік агенттігінің сарапшылары қыркүйектің 19-23-і аралығында елімізде сапармен жүр,
None
None

деп хабарлады Экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Сарапшылар мемлекеттің макроэкономикалық және ақша-кредиттік саясаты мәселелерін, сондай-ақ қаржылық секторын реттеу және оны мемлекеттік қолдау мәселелерін талқылауға қызығушылықтарын білдіріп отыр», - делінген ведомствоның баспасөз баянында.

Сапар барысында меймандар ҚР Үкіметінің, Экономикалық даму және сауда, қаржы, мұнай және газ министрліктерінің, «Самұрық-Қазына» қорының басшылығымен, сондай-ақ, кейбір халықаралық ұйымдардың өкілдіктерімен кездесулер өткізді. Сонымен қатар, сарапшылар екінші деңгейлі банктерді аралады.

Сапар қорытындысы бойынша сарапшылар Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингін қуаттау немесе өзгерту туралы тиісті баспасөз хабарламасын жариялайды. Жыл соңына дейін тағы екі рейтингтік агенттіктің сарапшыларының сапарлары күтілуде. Қазан айында - Standard&Poor's халықаралық рейтингтік агенттігі сарапшыларының жыл сайынғы сапары, қараша айында - Moody's агенттігінің сапары жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар