20:12, 24 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Физиктер сандық квантты батареяны жасап шығарды
АСТАНА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат - Физиктер сандық квантты батареяның конструкциясын ұсынды. Зерттеушілердің айтуынша, жаңа тәсім аккумуляторлардың сыйымдылығын 10 есеге дейін ұлғайтуға, сондай-ақ ақпаратты сақтаудың барынша жинақы жүйесін құруға мүмкіндік береді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Жаңа құрылғының тәсімі барынша қарапайым: ол мөлшері 10 нанометрден аспайтын көміртекті нанотүтікшелердің желілерінен тұрады. Кванттық әсердің арқасында мұндай конструкция батареяларды зарядтау кезіндегі қиыншылықтардың бірін - электрлік кедергілердің туындауын шешеді. Дәл осы құбылыс конденсаторларды «тым қатты» зарядтауға мүмкіндік бермейді.
Жаңа батареялардағы энергияны сақтау тәсімі химиялық емес сипатқа ие, ол қарапайым батареяларды өндіруге және қайта өңдеуге байланысты бірқатар айтарлықтай қиыншылықтарды шешуге мүмкіндік береді.