11:17, 01 Мамыр 2010 | GMT +5
Флоридада мұнайдың төгілуі салдарынан төтенше жағдай жарияланды
АСТАНА. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Флорида штатында Мексика шығанағында мұнайдың төгілуі салдарынан төтенше оқиға жарияланды. Бұл оқиға Deepwater Horizon бұрғылау стансысындағы апаттан кейін орын алып отыр,
деп хабарлайды Associated Press.
Флорида губернаторы Чарли Кристаның айтуынша, төтенше жағдай мұнай таңбасы қауіп төндіріп отырған жағалаудағы бірқатар ауданға қатысты. Солтүстік бағытта жылжып келе жатқан мұнай таңбасы, губернатордың айтуынша, Эскамбиа, Санта-Роза, Окалуза, Уолтон, Бэй және Галф округтеріне зардап әкелуі мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, Мексика шығанағындағы «Бритиш Петролеум» компаниясына қарасты Deepwater Horizon мұнай платформасында орын алған апаттың себебін анықтау үшін АҚШ барлық бұрғылау қондырғыларының жұмыстарын тоқтатты.