08:31, 02 Қараша 2017 | GMT +5
Forbes рейтингі: Әлемнің ең ықпалды әйелдері
АСТАНА. ҚазАқпарат - Forbes 2017 жылғы әлемдегі ең ықпалды әйелдер рейтингін жасады.
Бірінші орынды осымен жетінші жыл қатарынан Германия канцлері Ангела Меркель ешкімге бермей келеді. Екінші орынды Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй иеленді. Оның рейтингі саясаттағы, әсіресе Brexit процесін жүргізудегі табысты қызметі арқылы көтерілді. Үшінші орында күйеуі Биллмен бірге әлемнің 100-ден астам еліндегі ұйымдарды қолдайтын, бір жылда 40 млрд грант бөлген Мелинда Гейтс тұр.
Рейтингтегі ең қызықты жайт, Хиллари Клинтонның 65 орынға төмендеп, 67-ші қатарға сырғуы болды.