«Форбс» әлемдегі ең бай, ең ықпалды және ең қауіпті адамдардың тізімін жариялады
АСТАНА. Мамырдың 17-сі. ҚазАқпарат - Мексикалық есірткі бароны Газман Лоэра Мексикадан шыққан үш дүркін көшбасшы деген атқа ие болып отыр,
деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Бұл қашқын қылмыскер миллиардтап дүние жинап, «Форбс» журналының үш бірдей рейтингіне кіріп отыр. Ең қызығы үш рейтингтің бір-бірінен айырмашылығы жер мен көктей, бірінші рейтинг - миллиардерлерге арналған болса, екінші рейтинг - әлемнің ең ықпалды адамдарына арналған, ал үшінші рейтинг - әлемдегі ең көп іздеу салынған қылмыскерлерге арналып отыр.
Басылымның дерегі бойынша, Газман Лоэра ең қауіпті қылмыскерлердің тізімінде Усама бен Ладенге ғана жол беріп, екінші орында тұр.