Ford қауіпті ақауға байланысты 119 мың көлікті кері қайтарып алады
АСТАНА. KAZINFORM — Америкалық «Ford» компаниясы өртке әкеп соғуы мүмкін қауіпті ақауға байланысты шамамен 119 000 көлікті кері қайтарып алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды CBS News.
Бұл туралы Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы (NHTSA) хабарлады. Автокөліктерді қайтарып алуға қозғалтқыш блогындағы жылытқышының ақауы себеп болды: кейбір жағдайларда ол жарылып, ағып кетуі мүмкін, бұл құрылғы қосылған кезде қысқа тұйықталу қаупін тудырады.
Кері қайтарып алу 2,0 литрлік қозғалтқыштармен жабдықталған 2013-2018 және 2016-2018 Ford Focus, 2013-2019 Escape, 2015-2016 MKC және 2019 және 2024 Explorer үлгілеріне қатысты.
NHTSA иелеріне мәселе шешілгенше қозғалтқыш блогының жылытқыштарын пайдаланудан уақытша бас тартуды ұсынады. «Ford» компаниясы ақауы бар бөлшектерді уәкілетті дилерлер тегін ауыстыратынын ескертті.
Қауіпсіздік тәуекелдері туралы алдын ала хабарламалар 13 ақпанда иелеріне жіберіледі деп жоспарланған. Қосымша хаттар соңғы жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жіберіледі, бұл сәуір айында аяқталуы мүмкін.
Бұған дейін қытайлық автоөндіруші 90 мыңға жуық көлігін қайтарып жатқаны туралы жазған болатынбыз.