Фоторепортаж: Алматы «Дүниежүзіндегі қолөнер қалалары» тізіміне енуі мүмкін

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Дүниежүзілік қолөнер кеңесі Алматы қаласын «Дүниежүзіндегі қолөнер қалаларының» тізіміне қосу мәселесін қарастырып жатыр. Осы орайда, ҚР Орталық мемлекеттік музейінде Қазақстан қолөнершілер одағы мен Алматы қолөнер палатасының бастамасымен «Алматы - Дүниежүзілік қолөнер қаласы» көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Қолөнер бұйымдары
Фото: Досбол Атажан / Kazinform

Әлем бойынша әртүрлі қалаларда қолөнер көрмелерін ұйымдастырып, «Дүниежүзіндегі қолөнер қалаларының» тізімін жасауды 2014 жылы Дүниежүзілік қолөнер кеңесі қолға алған. Сол уақыттан бері тізімге 67 қала қосылған. Олардың 11-і Оңтүстік Америкада, 47-сі Азия-Тынық мұхиты аймағында, ал 7-і Еуропада орналасқан. Бұл туралы Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің президенті Саад Бал Әл-Каддуми айтты.

Қолөнер бұйымдары
Фото: Досбол Атажан / Kazinform

- Мен Қазақстанға бірінші рет келіп тұрған жоқпын. Бұған дейін «Дүниежүзіндегі қолөнер қалаларының» тізіміне қосылған Тараз қаласында болғанмын. Қазақстанда қолөнер саласы жақсы дамып келе жатыр. Алматының қолөнершілер қаласы ретінде өтініш беруі біздің 60 жылдық мерейтойымызбен тұспа тұс келіп тұр. Сондықтан Алматы бұл тізімге енеді деп ойлаймын. Қаланың осы сала бойынша әлеуеті жоғары, - деді Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің президенті.

Қолөнер бұйымдары
Фото: Досбол Атажан / Kazinform

Ал Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова қолөнер саласы туризмнің дамуына тікелей әсер ететінін атап өтті.

Қолөнер бұйымдары
Фото: Досбол Атажан / Kazinform

- Алматыда 250-ден астам қолөнер шебері бар. Олардың қатарына зергерлік өнерден бастап, былғары өңдеу, құрақ жасау, ағаш ою және өзге де қолөнер түрлері кіреді. Айта кеткен жөн, қолөнер саласы туризммен өзара тығыз байланған. Қаламызға келген туристер қолөнер бұйымдарының әртүрлілігін жиі атап өтеді, - деді Ғалия Тоқсейітова.

Қолөнер бұйымдары
Фото: Досбол Атажан / Kazinform

Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің Азия-Тынық мұхиты өңірі бойынша президенті Әзиз Мұртазаев Алматы жыл соңында ұйымға қосылуы мүмкін екенін айтты.

Қолөнер бұйымдары
Фото: Досбол Атажан / Kazinform

- Алматы бір жылдам астам уақыт дайындалып, биыл маусым айында «Дүниежүзіндегі қолөнер қалаларының» қатарына қосылуға өтініш берді. Бұл өтініш алдағы уақытта қаралып, жыл соңында дейін Алматы осы мәртебеге ие болады деп үміттенемін. Бірақ бұл мәртебе қаланың өзіне не береді дейтін болсақ, Алматы өзінің мәдени әрі тарихи мұрасын сақтай алғанын және қолөнер саласы жақсы дамығанын әлем алдында дәлелдейді. Сондай-ақ «Дүниежүзіндегі қолөнер қалаларының» қатарына қосылу туризмнің дамуына да оң әсер етеді, - деді Әзиз Мұртазаев.

Қолөнер бұйымдары
Фото: Досбол Атажан / Kazinform

Еске салайық, бұған дейін Алматыда қанша қонақ үй бар екенін жазғанбыз

Қолөнер бұйымдары
Фото: Досбол Атажан / Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар