Фоторепортаж: Альпі тауындағы қар патшалығы – Ливиньо
ЛИВИНЬО. KAZINFORM – Италияның солтүстігіндегі Альпі таулары арасында орналасқан Ливиньо шаңғы курорты XXV қысқы Олимпиада ойындарының маңызды жарыс аймағы саналады. Kazinform тілшісі осы жарыс аймағынан арнайы хабар таратып, шағын қалашықтың тыныс-тіршілігінен фоторепортаж ұсынды.
Ливиньо – Альпі тауларындағы ең шуақты тау шаңғы курорты. Италияның солтүстігінде, теңіз деңгейінен 1 816 метр биіктікте орналасқан ол Швейцариямен шектеседі және екі ұлттық саябақтың – Италияның Стелвио және Швейцарияның Энгадин саябақтарының жасыл желектерінің ортасында орналасқан. Қыс бойы жауған қардан кейін Ливиньода шаңғы тебуге өте керемет жағдай жасап қойған. Мұндағы маусым басқа альпілік курорттарға қарағанда ертерек басталады және ұзағырақ созылады.

Ливиньо туралы ең алғашқы тарихи жазбалар 1187 жылы кездескен. Оның атауы «қар қабаты» деген мағынаны білдіретін неміс терминінен шыққаны болжанады.
Ғасырлар бойы бұл жер қолжетімсіз, қатты қармен жабылғандықтан қыста басқа жерлерден оқшауланған. Сондықтан жергілікті тұрғындар немесе саяхатшылар бұл аймақты «Кіші Тибет» деп те атаған.


Бұл жер 1816 жылы Италия териториясына кірді. 1950–60-шы жылдары аумаққа жолдар салынып, алғашқы шаңғы лифті орнатылды. Бұл туристік және спорттық инфрақұрылымды дамытуға жол ашты.
Қазіргі кезде Ливиньо 60-тан астам миль (100 км-ден көп) шаңғы трассалары мен әлемдік деңгейдегі кросс-кантри маршруттарымен әйгілі, және халықаралық жарыстарды жиі қабылдайды.


Ливиньо қаласы 2026 жылғы Олимпиада ойындарында фристайл және сноуборд жарыстарының өтетін негізгі орны ретінде таңдалды. Онда шамамен 26 жарыс өткізіледі.
Негізгі алаңдар:
• Livigno Snow Park — слоупстайл, биг-эйр, хальфпайп және сноуборд сияқты спорт жарыстары өтеді.
• Livigno Aerials & Moguls Park — шаңғы акробатика және могул секілді фристайл дисциплиналарға арналған заманауи алаң.


Бұл олимпиада Ливиньо спорттық инфрақұрылыммен халықаралық деңгейде таныстыратын тарихи сәтіне айналады. Осыдан бұрын қала әлемдік фристайл пен сноуборд жарыстарын қабылдағанымен, дәл осындай ауқымды олимпиадалық жарыстарды алғаш рет өткізгелі отыр.
Қалашық Милан қаласынан 5 сағаттық жерде орналасқан. Тау жолдары күрделі және биік. Алайда, курорттық аймақ барлық инфрақұрлыммен қамтылып, Олимпиада ойындарын өткізуге барынша қолайлы жағдай жасалған. Қонақүйлер, дәмханалар және әр түрлі дүкендер жыл бойы туристерге сапалы қызмет көрсетеді.


Ливиньодағы фристайл спортынан 9 қазақстандық спортшы Олимпиада ойындарында өнер көрсетеді.
Фристайл-акробатика:
- Шерзод Хаширбаев
- Асылхан Асан
- Роман Иванов
- Дінмұхамед Райымқұлов
- Аяна Жолдас
Фристайл-могул:
- Павел Колмаков
- Анастасия Городко
- Юлия Галышева
- Аяулым Әмренова


Еске салайық, 2026 жылғы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Байрақты бәсекеде 16 спорт түрі бойынша 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық могулшылар алғашқы жаттығуын жасады.