Фоторепортаж: Бас мүфти айт намазын оқып, еліміздің амандығы үшін дұға жасады

АСТАНА. KAZINFORM — Биыл айт намазы Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында таңертең сағат 8:00–де, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 7:30–да, ал қалған өңірлерде 7:00–де басталды. Бүгін Астана мешіттеріндегі Айт намазына тұрғындар таңғы сағат 6 болмай ағыла бастады.

Бас мүфти айт намазын оқып, еліміздің амандығы үшін дұға жасады
Фото: Солтан Жексенбеков\Kazinform

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы республикалық Бас мешітте айт намазын жүргізіп, жамағатқа уағыз айтты.

Бас мүфти айт намазын оқып, еліміздің амандығы үшін дұға жасады
Фото: Солтан Жексенбеков\Kazinform
Бас мүфти айт намазын оқып, еліміздің амандығы үшін дұға жасады
Фото: Солтан Жексенбеков\Kazinform

Бас мүфти жамағатты ораза айтпен құттықтап, мұсылманның Рамазаннан кейінгі рухани жағдайы қандай болуы керектігіне тоқталды.

Бас мүфти айт намазын оқып, еліміздің амандығы үшін дұға жасады
Фото: Солтан Жексенбеков\Kazinform

— Осыдан біраз уақыт бұрын ғана ораза айын асыға күтіп, сол айға аман-есен жетсек деп жүрген едік, енді міне, қасиетті Рамазан айын да тәмамдап, оның артынша айт күнімен қауышып отырмыз. Рамазан айы — жылына бір мәрте келіп, жан дүниемізді тазартып, нәпсімізді тәрбиелейтін, бойымызда тақуалық қалыптастыратын рухани ұстаз. Бұл қасиетті айда бойымызға жинаған рухани азығымыз бір жыл бойғы рухани деңгейімізге әсер етуі қажет. Баршамыз өткен Рамазан айында ораза ұстадық. Тарауық намазын оқу үшін мешітке, жамағат намазына келдік. Мұқтаждарға зекет-садақаларымызды бердік. Ендігі мәселе, рамазаннан кейін де осы рухани күйімізді жоғалтпау, - деді ҚМДБ төрағасы.

Бас мүфти айт намазын оқып, еліміздің амандығы үшін дұға жасады
Фото: Солтан Жексенбеков\Kazinform

Бұдан кейін Бас мүфти жамағатпен бірге айт намазын оқып, еліміз бен жеріміздің амандығы үшін арнайы дұға жасады.

Бас мүфти айт намазын оқып, еліміздің амандығы үшін дұға жасады
Фото: Солтан Жексенбеков\Kazinform

Айт намазынан соң Бас мешітке жиналған қала тұрғындары ұлттық спорт түрлерінен сайысқа түсті. Атап айтсақ, «Қол күресі», «Арқан тартыс», «Асық ату» секілді ұлттық ойындардан жастар өзара бәсекеге түсті.

Бас мүфти айт намазын оқып, еліміздің амандығы үшін дұға жасады
Фото: Солтан Жексенбеков\Kazinform
Бас мүфти айт намазын оқып, еліміздің амандығы үшін дұға жасады
Фото: Солтан Жексенбеков\Kazinform
Бас мүфти айт намазын оқып, еліміздің амандығы үшін дұға жасады
Фото: Солтан Жексенбеков\Kazinform

Бүгін Бас мешіттегі айт намазына келген қала тұрғына Оңдасын Әбенұлы еліміздің әл-ауқатының күшеюіне, Тәуелсіздіктің нығая түсуіне дұға-тілік жасағанын айтты. 

Бас мүфти айт намазын оқып, еліміздің амандығы үшін дұға жасады
Фото: Солтан Жексенбеков\Kazinform

— Дұға-тілектерміз қабыл болып, қазақ елінің ауызбірлігі бекемделіп, ынтымағымыз нығая түссін, экономикамыздың қуаты арта берсін. Қазақстанның Көк Туы желбірей берсін. Өскелең ұрпақ өз ана тілінде таза сөйлеп, әдет-ғұрпын мықты ұстанып, еліміздің дамуына қызмет етсін деп тілеймін. Жыл сайын Ораза айт намазында, Құрбан айт намазында осыны тілеп отырамын. Жастардың пейіліне көңілім толады, жастарға разымын, — деді Оңдасын Әбенұлы.

Бас мүфти айт намазын оқып, еліміздің амандығы үшін дұға жасады
Фото: Солтан Жексенбеков\Kazinform
Бас мүфти айт намазын оқып, еліміздің амандығы үшін дұға жасады
Фото: Солтан Жексенбеков\Kazinform
Бас мүфти айт намазын оқып, еліміздің амандығы үшін дұға жасады
Фото: Солтан Жексенбеков\Kazinform
Бас мүфти айт намазын оқып, еліміздің амандығы үшін дұға жасады
Фото: Солтан Жексенбеков\Kazinform
Бас мүфти айт намазын оқып, еліміздің амандығы үшін дұға жасады
Фото: Солтан Жексенбеков\Kazinform
Бас мүфти айт намазын оқып, еліміздің амандығы үшін дұға жасады
Фото: Солтан Жексенбеков\Kazinform

Атап айтқанда, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады

Еске салсақ, биылғы оразаның бірінші күні 1 наурызда басталды. 

Рамазан оразасы 29 күнге созылды. 26 наурыздан 27 наурызға қараған түні — Қадір түні.

Ораза айт 30 наурызға, ал Құрбан айт күндері 6-8 маусым аралығына түседі.

Сонымен қатар еліміз бойынша айт намазының кестесі жарияланды

Бас мүфти айт намазын оқып, еліміздің амандығы үшін дұға жасады
Фото: Солтан Жексенбеков\Kazinform
Бас мүфти айт намазын оқып, еліміздің амандығы үшін дұға жасады
Фото: Солтан Жексенбеков\Kazinform
Бас мүфти айт намазын оқып, еліміздің амандығы үшін дұға жасады
Фото: Солтан Жексенбеков\Kazinform
Бас мүфти айт намазын оқып, еліміздің амандығы үшін дұға жасады
Фото: Солтан Жексенбеков\Kazinform
Соңғы жаңалықтар