Фототұзақ Тянь-Шань қоңыр аюының сирек сәттерін түсіріп алды
АСТАНА. KAZINFORM — Табиғат жанашырлары Алматы мемлекеттік табиғи қорығы аумағында мекендейтін Тянь-Шань қоңыр аюының фототұзаққа түсіп қалған ерекше әрі қызықты сәттерін жариялады.
Табиғаттағы еркін тіршілігінен сыр шертетін бұл бірегей кадрлар қоңыр аюдың табиғи мінез-құлқы мен өмір салтын жақынырақ тануға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұған дейін ұлттық парк қызметкерлері жабайы жануарларды көрген жағдайда оларды тамақтандыруға тырыспауға шақырған еді. Сондай-ақ, парк аумағында тамақ қалдықтарын қалдырмау жөнінде қатаң ескерту жасаған болатын.
Еске сала кетейік, бұғакн дейін Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2026 жылғы ақпан айында спутниктік қарғыбау тағылған ілбісті бақылау жұмыстарын жалғастырып отырғанын жаздық. Жыртқыш өзіне тән мекен ету аумағында еркін қозғалып жүргенін байқауға болады.