22:10, 21 Қазан 2013 | GMT +5
Франция АҚШ-тан тыңшылық фактілері бойынша түсініктемені күтуде
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Франция өзінің азаматтарының миллиондаған телефон қоңырауларын тыңдау бойынша АҚШ тарапынан түсініктемені талап етті. Осы факті жайында бұдан бұрын Le Monde газеті хабарлаған еді.

Сонымен қатар газеттің хабарлауынша, бұл басылымға Эдвард Сноуден берген құжаттар тапсырылған. Онда АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің (ҰҚА) жылдың басындағы бір айдың ішінде 70 миллионнан астам телефон байланыстарын тыңдағандығы көрсетілген.
Францияның Ішкі істер министрі Манюэль Валльс ҰҚА-ның бұл іс-қимылдарын сынға алды.
Осыған байланысты Франция Сыртқы істер министрлігі Париждегі АҚШ елшісі Чарльз Ривкинді шақыртты.