07:31, 05 Шілде 2012 | GMT +5
Францияда 2012 жылдан бастап біржынысты некелерге рұқсат етіледі
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Францияда 2013 жылдан бастап біржыныстылар некеге тұрып, бала асырап ала алады,

деп хабарлады Ленту. ру Agence France-Presse агенттігіне сілтеме жасай отырып.
«2013 жылдың екінші жартысында қандай-да бір шектеусіз барлық жұптарға отбасын құрып, бала асырап алуларына рұқсат беріледі», - деді елдің Премьер-министрі Жан-Марк Эро 3 шілде күні парламент алдында.
Біржынысты некелерге отбасын құрып, бала асырап алуларына рұқсат беру 2012 жылдың мамыр айында президент болып сайланған Франсуа Олландтың уәдесі болған еді.