Францияда қазақстандық велоспортшы Андрей Кивилевті еске алуға арналған веложарыс өтеді

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат - Францияның Вар департаментінің Сен-Лоран қаласында тамыздың 29-ы күні 2003 жылы «Париж-Ницца» жарысында қайғылы қазаға ұшыраған қазақстандық велоспортшы Андрей Кивилевті еске алуға арналған «LA LAURENTINE Andréï KIVILEV» веложарысы өтеді.
None
None

Іс-шараны ұйымдастырушы - «Stade-Laurentin-Cyclisme» спорт клубы, олар жарысты 3 кезеңге бөлуді жоспарлап отыр. Бірінші кезең сағат 07.30-да басталып, 175 шақырымға созылады, екіншісі 08.00-де басталып, 105 шақырымға, ал үшінші кезең сағат 10.00-де басталып, 40 шақырымға созылады. Дәл сол күні қаланың бас алаңында жергілікті билік өкілдерінің қатысуымен жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар тапсырылады.

Жарысқа әр түрлі жас аралығындағы 500-ден астам велоспортшы қатысады. Оның ішінде Францияның оңтүстігінде тұратын, велоспорттың жанкүйерлері - ҚР азаматтары да бар.

Жарыстың алдында ұйымдастырушылар Карросақаласындағы Андрей Кивилевтің зиратына гүл шоқтарын қояды, деп хабарлады Қазақстан Республикасының велоспорт Федерациясы.

Андрей Кивилевтың жақын досы, қазақстандық Astana командасының көшбасшысы, қазір Giro d'Italia жарысына қатысып жатқан Александр Винокуров, сондай-ақ Astana командасының басқа да спортшылары қайтыс болған достарын еске алатын «LA LAURENTINE Andréï KIVILEV» веложарысына былтырғыдай қатысуға тырысады.

Андрей Кивилев 1973 жылы Қазақстанда дүниеге келген. Ол Францияда Қазақстан спортының беделін көтеруге баға жетпес үлесін қосқан алғашқы велоспортшылардың бірі.

Соңғы жаңалықтар