Францияда Қытайда жасалған жалған таблеткалардың рекордтық партиясы тәркіленді

АСТАНА. 26 мамыр. ҚазАқпарат - Француз кедені 1,2 млн. таблеткадан асатын контрафактілік аспиринді тәркіледі, бұл осы ел үшін ғана емес, бүкіл Еуроодақтағы контрафактілік дәрі-дермектердің рекордтық партиясы болып отыр, деп хабарлады РБК.
None
None

Бұл туралы France 24 Франция экономика және қаржы министрі Пьер Московичиге сілтеме жасап мәлімдеген.

Гавра айлағында тұтқындалған медикаменттер шай қорапшасы ретінде жасырылған. Таблеткалардың басым бөлігі глюкоза ұнтағынан жасалған болып шықты.

Контрафактілік аспирин Балеар аралдарына испандық компанияның қарауына жеткізілуі тиіс болған, одан әрі Испания, Франция және Солтүстік Америка аумағына тарату жоспарланған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, әлемдік нарықта жалған медикаменттердің үлесі 6-8 пайыздың шамасын құрайды.

Соңғы жаңалықтар