15:14, 07 Сәуір 2010 | GMT +5
Францияда теміржолшылардың ереуілі басталды
АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат - Француз теміржолшылары көпкүндік ереуіл бастады,
деп хабарлайды «Маяк» радиостансасы.
Ереуіл саланың екі жетекші кәсіподақтарының үндеуі бойынша өткізілуде. Аталмыш кәсіпорындар ұлттық теміржол қоғамында жүргізіліп жатқан өзгертулерге қарсы биылдыққа осымен үшінші рет наразылық шараларын ұйымдастырып отыр.
Дегенмен, теміржол қоғамының басшылығы жаңа ереуілге жол бермеу керек екенін атап өтт. Саланың бір күндік тоқырауы ұйымға 20 миллион еуроға түсті.
Ереуіл халықаралық пойыздардың қозғалысына қатты әсер ете қоймайды.