01:03, 02 Қаңтар 2016 | GMT +5
Францияда жаңа жыл түні 804 көлік өртенді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция Ішкі істер министрі Бернар Казнев жаңа жыл түні бұзақылар 804 көлікті өртеп жібергенін айтты, деп жазады ТАСС агенттігі.

Бернар Казневтің мәлімдеуінше, былтыр жаңа жыл түні елде 940 көлік өртенген. Биылғы көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 14,5 пайызға кем. Жалпы, жаңа жыл түні Парижде 10 мың әскери қызметші қала көшелерін бақылады.