Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Франциялық дизайнер тарихтағы қазақ әйелдерінің ұлттық киімдерін жаңғыртқысы келеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Қыздар университетінде ҚР Тұңғыш Президенті қорының арнайы шақыртуымен келген Франция Сән үйінің дизайнері, мүсінші Ламин Момед (LAMYNE) және «Aika Alemi» брендінің директоры, белгілі қазақстандық дизайнер Аяжан Жақсыбаймен студент жастар кездесті, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Франциялық дизайнер тарихтағы қазақ әйелдерінің ұлттық киімдерін жаңғыртқысы келеді

«Студент-жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, дизайнерлік саланың қыр-сырын үйрету, қыздардың бойындағы дарынды ашуға көмектесу, жан-жақты болуға дәріптеу мақсатында өткен кездесу  ашық әңгіме түрінде өтті», - деп хабарлады аталған ЖОО-дан.  

Кездесуде «Кәсіптік білім» кафедрасының ұстазы Ләйла Иманқұлова қонақтарға Қыздар университетінде тігін және қолөнер саласына маман дайындайтын кафедраның жұмысын таныстырды.

null  

Франция Сән үйінің дизайнері Ламин Момед арнайы әкелген фильмі арқылы өз жұмысымен, туындыларымен таныстырып, көйлектерді тігудің ерекшеліктері жөнінде айтып берді. Сонымен қатар ол алдағы уақытта Қазақ елінің ұлы дала аналарының бейнесін жасап, қазақ ұлттық киімдерін, нақты айтқанда тек ханым болған аналардың көйлегін тіккісі келетінін жеткізді.

null  

Осы салада бірлескен жоба жасағысы келетіндігін жеткізді.

«Бұл менің Қазақстанға екінші келуім, Қазақ елі маған қатты ұнады. Қазақстанның болашағы өте зор деп білемін. Сапарым аясында қазақстандық дизайнерлердің біраз жұмыстарымен де танысып үлгердім және көңілімнен шыққанын атап айтқым келеді. Жақында Алматыда өткен Жастар фестивалінде өз жұмыстарымды таныстырдым. Маған Азия елдерінің маталары өте ұнайды. Өзім көбіне пэчворк (ласкутное шитье) өнерімен айналысамын. Құрақ құрай отырып тігу өте ұнайды.  Бұл өнер түрі Сіздерде де бар екен», - деді тегі камерундық, бірақ Франция атынан танылған дизайнер Ламин. 

null  

Тігін өнерін 13 жасынан анасынан үйренген сәнгер: «Менің жаныма «ысырап», «обал» деген сөздер жақын» деп ағынан жарылды.

«Жыл сайын Францияда сатылмаған мыңдаған әйгілі брендтердің киімдері өртеледі. Ол біріншіден табиғатқа зиян, қаншама түтін адамзатқа залалын келтіреді. Мен сондықтан, әлемге танымал еуропалық дизайнерлердің киімдерін өзгертіп, сатып алуға мүмкіндігі жетпейтін адамдарға сыйға тартамын», - деді Ламин кездесуде. 

Шара барысында университет қыздарының қолынан шыққан көйлектерінен арнайы дефиле көрсетілді.

null null null null null null null null null null null