Францияның бұрынғы президенті бір жылға сотталды

ПАРИЖ. EURONEWS - ҚазАқпарат – Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози 2012 жылы сайлауалды науқанын заңсыз қаржыландырғаны үшін кінәлі деп танылып, бір жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Францияның бұрынғы президенті бір жылға сотталды

Көктемде прокуратура «Бигмалион» ісі бойынша сот тыңдалымы аясында Саркозидің шығыны сайлау науқанында 20 миллион еуроға артық болғанын дәлелдеді. Бұл рұқсат етілген сомадан екі есе көп.