08:46, 21 Қазан 2013 | GMT +5
Француз Гаске - «Кремль Кубогінің» жеңімпазы
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Француздық теннисші Ришар Гаске «Кремль Кубогін» жеңіп алды.

Финалдық матчта жексенбі күні Гаске қазақстандық Михаил Кукушкинді 4:6, 6:4, 6:4 есебімен жеңді. 27 жастағы Гаске үшін бұл АТР турниріндегі жеке разрядтағы оныншы жеңісі. Бұған дейін румыниялық теннисші қыз Симона Халеп жекелей сында сыйақы қоры 746 мың доллардан асатын турнирдің жеңімпазы атанған еді.