Француз қоқыстан жүз мың еуро тауып алды

АСТАНА. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат - Франциядағы Лилль қаласының тұрғыны жүз мың еуро тауып алды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Бір ер адам дағдарыстың басқа салған жоқшылығынан қоқыс салынған контейнерді ақтарады және күтпеген жерден қалтаға кезігеді. «Мен тауып алған қалтаны лақтырып тастап едім, темірдің сыңырлағанын естідім. Ішін ашқанымда бір уыс ақша көзіме оттай басылды. Миыма алғашқы келгені: енді мен өзіме жаңа трейлер сатып аламын деген ой болды. Одан кейін өзіме-өзім келіп, қорапты жаптым да кеңсеге оралдым», - деді Ивон Вонтерхем.

Мәлім болғанындай, қораптағы ақшаны ерлі-зайыпты қарт адамдар жинапты. Балалары ата-аталарын қарттар үйіне орналастырғаннан кейін кемпір-шалдың ескі заттарын қоқысқа лақтырып тастайды. Қоқыстан табылған олжа иелеріне қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар