Француз полициясы елдің бұрынғы президенті Н. Саркозидің үйі мен кеңсесін тінтіді

None
None
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Француз полициясы 2007 жылы президенттік науқанды заңсыз қаржыландыру жөнінде істі тексеру аясында елдің бұрынғы президенті Н. Саркозидің үйі мен кеңсесін тінтіді,

деп хабарлады РБК.

Акцияларына Н. Саркози иелік ететін заңдылықпен шұғылданатын компания офисінде де тінту жұмыстары жүргізілді.

Францияның Әділет министрлігі Н. Саркози заңсыз түрде ақша алды деп күдіктенуде. Ол бұл қаражатты 2007 жылы сайлау кампаниясын қаржыландыруға бағыттыған деп айыпталуда. Қаражат шамамен 150 мың еуроны құрауы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар
telegram