Француздарға велосипедпен жүргені үшін ақы төленеді
Мұндай зерттеулер басқа да еуропалық мемлекеттерде азаматтардың денсаулығын жақсарту, отын тұтынуды қысқарту және ауаның ластануын азайту мақсатында жүргізіліп жатыр.
Кейбір елдерде, Нидерланды, Дания, Германия, Бельгия және Ұлыбританияны қоса алғанда, жұмысқа велосипедпен баратын адамдарды көтермелеу жүйесі ұйымдастырылған. Аталған жүйені нығайту және дамыту мақсатында билік салық жеңілдігі, жұмысқа дейінгі әрбір шақырымға ақы төлеу және велосипед сатып алған кезде материалдық қолдау енгізу сияқты шараларды қабылдауда.
Велосипедті несиеге сатып алуды ресімдеуде көмек көрсету Барселона, Лондон, Стокгольм сияқты қалаларда оны көлік ретінде пайдаланудың жиілеуіне септігі тиюде. Бұл жүйе 2007 жылы Парижде пайда болған велосипед прокаты желісінің Velib үлгісіне негізделді.
Францияның көлік министрлігі өкілдігінде мәлімдегендей, елде штатында 10 мың адам бар шамамен 20 түрлі компаниялар мен мекемелер қызметшілеріне жұмысқа дейін велосипедпен келген әр шақырымына 25 еуроцент (12 рубльге жуық) төлеуге келісіп отыр.
Францияның көлік министрі Фредерик Кювилье (Frederic Cuvillier) егер тәжірибе нәтижесі ойдағыдай болса, келешекте билік неғұрлым ауқымды жоба жасамақ ниетте екенін атап өтті. Мұндай көтермелеу сызбасы велосипедпен жұмысқа баратын адамдардың санын 50 пайызға арттыра алады, бұл үйден жұмысқа дейін орташа 3,5 шақырым аралықпен шамамен 800 млн. шақырымды құрайды.