07:35, 14 Шілде 2010 | GMT +5
Француздық депутаттар әйелдердің паранжа киюіне тыйым салды
АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат - Француз парламенті төменгі палатасының депутаттары шілденің 13-і күні әйелдердің бетті толықтай жабатын киімді қоғамдық орындарда киюіне тыйым салатын заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Лента,ру агенттігі AFP агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, президент Николя Саркози шығарған заң жобасы үшін 577 депутаттың 335-сі дауыс беріп, оның біреуі ғана қарсылық білдірген. Парламенттің қалған барлық мүшелері заң жобасын қолдаған.