Франция Google және Shein компанияларына рекордтық көлемде айыппұл салды
АСТАНА. KAZINFORM – Францияның деректерді қорғау реттеушісі сәрсенбі күні Google және Shein компанияларына cookie файлдары туралы заң талаптарын сақтамағаны үшін айыппұл салды, деп хабарлайды France24.

Информатика және бостандық жөніндегі ұлттық комиссия (CNIL) Францияда ондаған миллион пайдаланушысы бар екі компанияға қомақты көлемде екі айыппұл салды: Shein 150 млн еуро және Google 325 млн еуро.
CNIL шешімі бойынша, Google және Shein браузерлеріне жарнамалық cookie файлдарын орнатпас бұрын пайдаланушыларды еркін және саналы келісімді қамтамасыз еткен жоқ. Компаниялар шешімге қатысты әлі де шағымдана алады.
Cookies – пайдаланушылардың онлайн-белсенділігі туралы деректерді жинай алатын шағын файлдар. Олар интернеттегі жарнаманың және көптеген ірі платформа бизнес үлгілерінің негізгі элементі.
CNIL дерегінше, Shein платформасы cookies файлдарынан деректердің «үлкен» көлемін жинаған. Компания пайдаланушылардан келісімді қамтамасыз еткен жоқ, оларға жеткілікті ақпарат бермеді және келісімді қайтарып алудың тиімсіз нұсқаларын ұсынған.
Тергеу басталғалы Shein француз және еуропалық заңнамаға сәйкес CNIL талаптарына сәйкес болу үшін өз жүйелерін жаңартты. Компания AFP-ге «болжамдағы бұзушылықтар сипатына мүлдем сәйкес келмейтін» айыппұлға қатысты шағымданатынын мәлімдеді.
Google бұл шешімді қарастыратынын және CNIL-дің бұрынғы талаптарын орындағанын хабарлады.
Бұған дейіін Google Аустралияның монополияға қарсы заңын бұзғаны үшін 30 миллион еуро айыппұл төлейтінін жазған болатынбыз.