Франция Президенті қазақ тілінде пост жариялады

АСТАНА. KAZINFORM — Француз тарапының бастамасымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті. 

Франция Президенті қазақ тілінде пост жариялады
Фото: Анадолы

Кейін Эммануэль Макрон әлеуметтік желіде (X парақшасында) қазақ тілінде жазба жариялады.

Онда ол Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған әңгімесінің егжей-тегжейін хабарлады.

Бұған дейін мемлекет басшыларының телефон арқылы сөйлесуі барысында олар екіжақты қатынастардың оң серпінін атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағытында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты. Сондай-ақ, БҰҰ-ның 80 жылдығы қарсаңында халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты.

Бұған дейін мемлекет басшыларын телефон арқылы тілдескен кезде Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың қарқынды өрбіп келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Сондай-ақ президенттер Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы қарсаңында халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасқан еді.

Соңғы жаңалықтар