Франция соты Илон Маскті X әлеуметтік желісіне қатысты іс бойынша тергейді

АСТАНА. KAZINFORM — Француз медиасының мәліметінше, бұл істке қатысты тың мәліметтердің беті ашылған. Істің алгоритмі өзгеріске ұшыраған, бұған шетелдің ықпал болуы мүмкін екені айтылған. Бұл істе адамзатқа қарсы қылмыс пен балаларды жыныстық зорлық-зомбылыққа итермелейтін контенттің таралуы бойынша мәселе қаралып жатыр, деп жазды Анадолы агенттігі.

Франция соты Илон Маскті X әлеуметтік желісіне қатысты іс бойынша шақырды
Фото: Анадолы

Аталған іске қатысты жаңа фактілердің беті ашылғаны белігілі болып отыр. 

Париж прокуратурасы 2025 жылы басталған тергеу шеңберінде Илон Масктың бүгін жауап беруге шақырылғанын, ал X компаниясының бұрынғы топ-менеджері Линда Яккариноның 24 сәуірге шақырылғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, прокуратура егер Маск тергеуге келмей қалса, істің барысына әсер етпейтінін атап өтті.

Бұл іс 2025 жылы Еуропарламент депутаты Эрик Боторель X платформасына қатысты көптеген шағымдарға байланысты арыз бергеннен кейін қозғалған.

Тергеу аясында 2026 жылғы ақпанда Париждегі X кеңселерінде тінту жүргізілген. Бұл жағдай бұған дейін Масктың қатаң сынына себеп болған.

Еске сала кетейік, жақында SpaceX акциялары IPO-да сатылса, Илон Маск тарихтағы алғашқы триллионер атанатыны белгілі болды.