Франция тұрғыны Пикассоның €1 млн тұратын картинасын 100 еуроға сатып алды
АСТАНА. KAZINFORM – Франция тұрғыны атақты суретші Пабло Пикассо туындысын небәрі 100 еуроға алу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Anadolu Ajansı.
Ақпаратқа сәйкес, құны шамамен 1 миллион еуроға бағаланған картина лотерея форматындағы қайырымдылық акциясы аясында ойнатылған. Ұтыс билеттерінің әрқайсысы 100 еуродан сатылған.
Ұтыс «1 Пикассо 100 еуроға» атты қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастырылған.
Акция барысында әрқайсысы 100 еуродан шамамен 120 мың билет сатылымға шығарылған.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жиналған қаражат қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады. Соның ішінде Альцгеймер ауруын зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетіледі. Бұл бастама өнер туындыларын әлеуметтік жобаларды қолдауға пайдалану тетігінің бір мысалы ретінде бағаланып отыр.
Ал 1941 жылы салынған суретшінің «Әйел басы» атты туындысының болжамды құны 1 миллион еуроға бағаланып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін жазғанымыздай Испания патшасының 1609 жылғы алтын монетасы $3,5 млн-ға сатылып, аукцион рекорды ретінде бағаланды.