08:58, 01 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Францияда құс бейнесіндегі темір инсталляция құлап, 13 адам зардап шекті
ПАРИЖ. KAZINFORM – Францияның Трувиль-сюр-Мер коммунасында Рождество мерекесінің шеруі өтіп жатқанда құс түрінде жасалған темір инсталляция көрермендерге құлап, адамдар зардап шекті, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі Ouest-France басылымына сілтеме жасап.

Басылым таратқан мәліметтерге қарағанда, зардап шеккендердің арасында 2 жасар бала бар. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Осыған дейін Францияда автобус аударылып, 40-қа жуық адам зардап шеккені туралы жаздық.