Франциядағы орман өрті: 4 өрт сөндіруші қаза тауып, 230-дан астамы жараланды
АСТАНА. KAZINFORM — Францияда биыл 116 мың гектар аумақ жанып кетті. Өртпен күрес барысында төрт өрт сөндіруші қаза тауып, 230-дан астам адам жарақат алды, деп хабарлайды Анадолы.
Ішкі істер министрі Лоран Нуньестің айтуынша, қаза болғандардың барлығы өрт ошақтарын анықтау жұмыстары кезінде болған жазатайым оқиғалардың құрбаны болған. Олардың бірі 8 шілдеде Савойя департаментінде, екеуі 22 шілдеде Жиронда департаментіндегі Мериньяк қаласында, тағы бірі Буш-дю-Рон департаментінде көз жұмған. Ал тұрғындар арасында қаза тапқандар жоқ.
Ел тарихындағы ең ірі өрттердің бірі болған Жирондадағы алапат өртті сөндіруге 3 300 өрт сөндіруші, 1 500 әскери қызметкер, 1 250 полиция және жандармерия қызметкері, сондай-ақ әуеден қолдау көрсеткен 24 әуе кемесі жұмылдырылған.
Лоран Нуньес өртке қатысты қылмыстарға күдікті ретінде 275 адамның ұсталып, олардың 31-і қамауға алынғанын айтты.
Биыл Франция тарихындағы ең ауқымды өрт маусымын бастан өткеріп отыр. Жыл басынан бері елде 116 мың гектар аумақ отқа оранған.
Айта кетейік, Франциядағы орман өрттері қауіпті «от бұлттарының» туындауына себеп болды.